Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды

Арал аудандық прокуратурасы Арал аудандық білім бөлімінің (бұдан әрі - Бөлім) қызметінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының сақталуына тексеружүргізді. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабаралуынша, бұл шара барысында тұрғын үй алу және мемлекеттік жәрдемақы алу құқықтарының бұзылуына жол берілгендігі анықталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.03.2012 жылғы №383 қаулысымен бекітілген «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы» Ережесінің (әрі қарай – Ереже) 11 тармағына сәйкес, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақының төленуі ай сайын осы Қағидаларға сәйкес өткен ай үшін жүргізіледі.
Ереженің 12 тармағында орган ағымдағы айдың 15 күнінен кешіктірмей қорғаншылардың немесе қамқоршылардың дербес шоттарына ақша қаражатын ай сайын аударатындығы көрсетілген. Алайда, бөліммен ағымдағы жылдың желтоқсан айында қорғаншылық-тағы және қамқоршылықтағы 8 кәмелетке толмаған балаларға тиесілі 104287 теңге көлемінде теңге төленбей, заңнамамен көзделген құқықтары бұзылуда. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган тарапынан алты  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй алу үшін есепке қойылмаған.
Сондай-ақ бөлімнің жауапты қызметкерлерімен заңнамада көзделген кәмелетке толмағандарға тиесілі мүлікті басқару жөніндегі және күтіп-бағуға жәрдемақының пайдалану жұмыстары жөніндегі жартыжылда тапсырылатын есептері қамқоршылардан алынбаған.
Осыған орай, аудандық прокуратурамен бөлімге заңдылықты бұзушылық-ты жою туралы ұсыныс енгізіліп, 8 балаға тиесілі 104287 теңге жәрдемақысы төленіп, 6 бала тұрғын үй алу үшін есепке қойылып, бөлімнің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: