Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ Жаңақорған кентінде тұратын 81 мүмкіндігі шектеулі жанға «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қамқорлық көрсетілді.
Қайырымдылық шарасына арнайы қатысқан аудандық партия филиалының төрағасы,аудан әкімі Руслан Рүстемов мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып отырған қамқорлықтар туралы нақты мысалдар келтіре отырып баяндады. Сондай- ақ келесі жылы мүмкіндігі шектеулі 15 баланы ауданымызда орналасқан шипажайда ем алуына, демалуына жағдай жасалатындығын атап өтті. Шара соңында мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге аудан әкімі атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ал шараға қатысып қамқорлық көрген жандар өздеріне мейірімділік танытып, құрмет көрсеткен аудан әкімі Руслан Рүстемұлына алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, Жаңақорған ауданы бойынша бүгінгі таңда әлеуметтік қызметті қажет ететін азаматтар саны 226-ны құрайды.Оның 81-і Жаңақорған кентінің тұрғындары.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: