Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА 17 193,6 МЛН. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫНДЫ

АРАЛДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА 17 193,6 МЛН. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫНДЫ Ауданда іске асырып жатқан ірі көлемдегі жобалар «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізінің құрылысы, «Жезғазған-Сексеуіл» шойын жол құрылысы, «Бозой - Шымкент» газ құбырын тарту жұмыстары, Арал қаласын газдандыру жұмыстары ауданымызда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырды.
Өткен жылы ауданда 5 мектеп, 2 ауылдық клуб пен 1 денсаулық сақтау саласының нысандары салынды. 
Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Сексеуіл – Жезқазған сияқты мега жобалардың аяқталуына байланысты нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 75,4 пайыз болды. Оның ішінде ауылдық жерлердегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 38 пайызды немесе 6 556,4 млн теңгені құрады.
Ауданға тартылған инвестицияның 32,1 пайызын бюджет қаражаттары құраса, 61,1 пайызын жеке қаражаттар, 6,2 пайызын басқа да қарыз қаражаттары мен 0,6 пайызын банктер несиелері құрады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: