Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫР ЖАСТАРЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

СЫР ЖАСТАРЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылордада өткізілген ХІІ өңірлік жастар Дельфийлік ойындарының жеңімпаздары республикалық ойынға жолдама алып, соның нәтижесімен Сыр жастарының командасы үздік бестіктің қатарына ілікті. 
Бұл туралы «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Брифингке республикалық ХІІ ұлттық жастар Дельфийлік ойындары жеңімпаздары да қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. 
Айта кету керек, республикаға 8 номинация бойынша 27 шығармашыл жас аттанған болатын. Олар 2016 жылдың 1-4 қарашасы аралығында Ұлттық Дельфий комитетінің ұйымдастырумен Ақмола облысының Степногорск қаласында өткен Республикалық ХІІ ұлттық жастар Дельфийлік ойындарында үздік өнер көрсетті. Сайыс қорытындысымен Қызылорда облысының жас өнерпаздары жүлделі жеті медаль иеленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: