Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс орталығында «Дәрігерлер» аллеясы іске қосылды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала күні мерекесіне орай Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарға барды.
Аталған шара аясында облыс әкімі «Дәрігерлер» аллеясының ашылу рәсіміне қатысты.
«Дәрігерлер» аллеясы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында Н. Назарбаев даңғылын абаттандыру жобасы бойынша салынған. Шарада аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мерекеге орай «Көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның қабылдау бөлімшесінің кардиолог дәрігері Ғалымжан Қоразов пен «Көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның реабилитация бөлімшесінің меңгерушісі, нейроинсульт орталығы жетекшісінің м.а., директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Абеноваға жаңа пәтер кілтін табыстады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: