Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағашта салынып жатқан ауруханадан заттар ұрланды

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында салынып жатқан аурухана құрылысынан құрал-саймандар ұрлаған аудан тұрғындары ұсталды. 
13 қаңтар күні сағат 15:00-де Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағашта екі адам салынып жатқан ауруханаға ұрлыққа түсті
Жалағаш ауданының Полиция бөліміне Жалағаш кентінде жаңадан салынып жатқан аудандық ауруханасынан ұрлық дерегіне қатысты хабарлама түскен. 
Хабарлама бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 2021 жылдың қаңтар айының 12-сінен 13-іне қараған түні белгісіз біреулердің аурухана құрылысының бірінші қабаттағы терезесі арқылы кіріп, дәнекерлеу аппаратын және ағаш кесетін электр арасын  жасырын ұрлап кеткенін анықтады. Өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде Жалағаш кентінің екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Олардан айғақ зат ретінде дәнекерлеуші аппарат пен электр арасы алынды. 
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға кіріп жасалған ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: