Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде баламалы энергия көзіне мән берілмек

Шиеліде баламалы энергия көзіне мән берілмекҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалы мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығының өкілдері, Шиелі ауданында шалғайда орналасқан шаруа қожалықтарында мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдетілген несиелер және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы №703 қаулысымен бекітілген жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында Қызылорда облысының ұлттық кәсіпкерлік палатасының Шиелі ауданындағы филиалының өкілі, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі №165-IV «Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңының 9-бабының 10-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы «Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулы бекітілгенін айтып өтті. 
Дәлірек айтқанда Шиелі ауданының шалғайында орналасқан «Нәлібаев», «Әментаев» және «Бердібаев» ШҚ жетекшілеріне жаңартылған энергия көзі ретінде күн сәулесінің энергиясынан, жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын қондырғыны орнатқан шаруа қожалықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы «Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысына сәйкес пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде атаулы көмек ала алатыны жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: