Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАС ҒАЛЫМДАР КӨРУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ АМАЛДАРЫН ҰСЫНДЫ

 

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-11-сынып оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауы өтті, - деп хабарлады НЗМ-нің баспасөз қызметінен.
Қазақстанда мектеп жасындағы балалардың көз ауруы күшейгені байқалады. Жас зерттеушілер НЗМ, қазақ-түрік лицейі және №264 мектеп–лицей оқушыларының көз ауруларына анализ жасай отырып, 1 428 жауап берушінің 558-інің (39,1%) жанарында ақау барын білді. Көру қабілетінің нашарлауына бірден бір себеп – компьютер мен ұялы телефонды орынсыз қолдану. Одан бөлек, генетикалық фактор да әсер етеді. 
Жоба авторлары Аида Болатқызы мен Алтынай Әбдіжәміл білім алушылардың көру қабілеттерін жақсарту мақсатында әртүрлі көз жаттығуларын жасауды және пайдалы А дәруменіне бай көкөністерді тамақтану рационына енгізуді ұсынады. Мектепішілік кезеңде барлығы 20 ғылыми жоба қаралды. 
Байқауға оқушылардың органикалық тыңайтқыштарды қолдану арқылы мұнаймен ластанған топырақты тазарту, физикадан формулалардың электронды жинағының жобасын ұсыну, қауыннан қанттың түрлі сорттарын алу сияқты әдістері мен  көптеген түрлі жобалар ұсынылды. 
Жүлделі орынға ие болған оқушылар өздерінің жобалары мен мектепті республикалық ғылыми жобалар байқауында таныстырады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: