Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Туберкулезге қарсы күрес диспансеріне негізсіз жолдама берген

Туберкулезге қарсы күрес диспансеріне негізсіз жолдама бергенҚызылорда қаласының прокуратурасымен кәмелетке толмағандарды туберкулезден алдын алуды жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың қызметтерінде кешенді тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде, Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерімен жолдама беру негізділігі тексеріліп, 2 балаға санаториялық балабақшаға негізсіз жолдама берілгендігі анықталды.
Нақты айтқанда, 2011 жылы кәмелетке толмағандарға «№3 Қарлығаш санаториялық балабақшасы» КММ-не №871, №872 жолдамалар берілген, бірақ олардың отбасыларының бірде-бір мүшесі туберкулез ауруымен ауырмайтындығы және арнайы есепте тұрмайтындығы белгілі болды.
Бұл ретте, аталған жолдамаларға қол қойып, оларды берген дәрігерлердің әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 325-бабының 2-бөлігінде (Бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) көзделген қылмыс белгілері байқалғандықтан, бұл факті қалалық прокуратураның ӨАЕК-на тіркеліп, тергеуге дейінгі тексеру жүргізуге және тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда облыстық ішкі істер департаментіне жолданған.
Қазіргі кезде, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің анықтау басқармасымен қылмыстық іс қозғалып, анықтау амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: