Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кафеде жігітті ұрып соққандар ұсталды

Кафеде жігітті ұрып соққандар ұсталдыҚызылорда қаласындағы "Арай" мөлтек ауданында орналасқан бейнекамера көмегімен аумақты шолу барысында сол аумақтағы кафе жанында белгісіз азаматтар топтасып, 1987 жылы туылған азаматты ұрып-соғып жатқанын байқап қалады. 
"Аталған дерек бойынша, оқиға орнына полиция жасағы жіберіліп, нәтижесінде 1998 жылы туылған екі азамат ұсталды. Екі азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлігімен (Бұзақылық) қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде" деп хабарлайды Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. 
Айта кетерлік жайт, облыс орталығында орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, орын алған  қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында орнатылған 243 бейнекамераның көмегімен жыл басынан бері барлығы 136 қылмыстың беті ашылса, анықталған құқық бұзушылықтың саны 26464-ті құрап, олар бойынша әкімшілік шаралар көрілген.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: