Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көркем гимнастикадан облыс біріншілігі мәресіне жетті

1-2 наурыз күндері Қызылордада көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» атты облыстық  ашық чемпионат аяқталды. Облысымызда екінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы, Байқоңыр қалалары мен Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 13 команда 250-ге жуық спортшылар қатысты. Сайыс кезінде жеке және топтық жаттығу бағдарламалары бойынша 2000-2008 жылдары туылған гимнастшы қыздар өз өнерлерін ортаға салды. 

 

Көркем гимнастикадан облыс біріншілігі мәресіне жетті

 

Аталмыш чемпионат биылдан бастап республикалық күнтізбелік жоспарға енгізіліп, облыстық ашық чемпионат болып өткізілді.
Чемпионатта 2003-2004 жылдары туылған гимнастшылар арасында I, II  орынды иеленген спортшылар спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындады.  Атап айтсақ, Баян Бишигаева (Шымкент қ.), Ақмарал Досыбаева (Тараз қ.), Айжан Қуандықова (Қызылорда қ.), Жібек Кеңесбекова (Шымкент қ.), Жұлдызай Аманкелді (Тараз қ.), Дана Садықова (Қызылорда қ.), Әсем Байділда (Тараз қ.), Аружан Алпамышова (Шымкент қ.), Аружан Құрмантай (Қызылорда қ.).
Жарыста 1-6 орынды иеленген гимнастшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық көркем гимнастика федерациясы және ата-аналар комитеті дайындаған диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Жарыс нәтижесінде топтық жаттығу бойынша 2007-2008 жылдары туылған гимнастшылар арасында Қызылорда қаласының командасы көш бастады. Екінші орында – Тараз қаласы, үшінші орында – Атырау және Жамбыл облыстары.  2006 жылы туылғандар арасында I орын Атырау облысы, II орын Алматы қаласы, III орын Қызылорда және Байқоңыр қалалары, 2005 жылғылар арасында I орын Шымкент қаласы, II орын Алматы қаласы,  III орын Қарағанды облысы, 2003-2004 жылғылар арасында I орын Тараз қаласы,  II орын  Қызылорда қаласы, III орын Қарағанды және Алматы облыстары. 
Жекелей бағдарламада жеңімпаз атанған спортшылар: 
2008 ж.т. Дарья Тагильцева  (Қарағанды обл.)
2007 ж.т. «А» тобында Полина Лушанова (Қарағанды обл.)
2007 ж.т. «Б» тобында Лилия Уздяева (Алматы қ.)
2006 ж.т. «А» тобында София Аманатова (Алматы қ.)
2006 ж.т. «Б» тобында Гүлден Бердібек (Қызылорда қ.)
2005 ж.т. «А» тобында Зарина Досекеева (Байқоңыр қ.)
2005 ж.т. «Б» тобында Жасмин Қадыр (Қызылорда қ.)
2004 ж.т. «А» тобында Дана Садықова (Қызылорда қ.)
2004 ж.т. «Б» тобында Аружан Алпамышова (Шымкент қ.)
2003 ж.т. «А» тобында Баян Бишигаева (Шымкент қ.)
2003 ж.т. «Б» тобында Жібек Кеңесбекова (Шымкент қ.)
2002 ж.т. Асылай Асқар  (Тараз қ.)
2001 ж.т. Жанерке Дәулетқұлова (Тараз қ.)
2000 ж.т. Аяулым Шәріп (Тараз қ.)

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: