Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жыл сайын елімізде мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айрылады

Жыл сайын елімізде мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айрыладыЖыл сайын шамамен мыңға жуық ата-ана өзінің ата-аналық құқығынан айрылады, деп хабарлайды Baq.kz. Бұл жайында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді. 
"Бүгінгі таңда елімізде 13 мыңнан астам бала берекесіз отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Ал, жыл сайын мыңға жуық азамат ата-ана құқығынан айрылып жатады. Бұл жайттың барлығы мемлекет пен қоғам тарапынан жүйелі шаралар қабылдауды талап етіп отыр" деді Г.Әбдіхалықова.
Оның айтуынша, республикамызда барлығы 5 миллионнан астам бала өмір сүруде. "Бұл Қазақстан халқының үштен бір бөлігі және олардың саны жыл санап артып келеді. Соңғы үш жылда еліміздегі бала туу көрсеткіші 1,3 есеге өсіп отыр" деді ол.
Ал, соңғы бес жылда жетім балалардың саны 10 мыңға дейін қысқарған. Қазіргі таңда Қазақстанда 9,8 мың жетім бала тіркелген. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: