Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Аралтұздың" мерейтойына дайындық барысы пысықталды

"Аралтұздың" мерейтойына дайындық барысы пысықталдыҮстіміздегі жылы өңірдегі іргелі өндіріс ошағы – "Аралтұз" кәсіпорнына 90 жыл толады. Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов мерейтойға дайындық жұмыстарымен танысты.
«Аралтұз» АҚ кәсіпорнының 90 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында аудан әкімі Абзал Мұхимов Жақсықылыш кентіндегі №19 мектепте бөлім басшыларының қатысуымен дайындық жұмыстарын талқылады.
Маңызы зор шараны ойдағыдай өткізудің бір көрінісі ретінде кәсіпорынға әрлеу жұмыстары жүргізіліп, акционерлік қоғамының кеңсесі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, кенттегі рухани орда - мәдениет үйі жөндеуден өтіп, келетін қонақтарды қабылдауға сақадай сай тұр.
Мерейтойға әзірлік жұмыстарына арналған шараларды жан-жақты пысықтаған аудан әкімі Абзал Мұхимов игі бастаманың маңыздылығын сөз етті. Мұнымен қоса, кенттегі абаттандыру жұмыстарын қолға алып, тазалық мәселесіне мән беруді сала басшыларына міндеттеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: