Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЛАІШІЛІК СУ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ 75 ПАЙЫЗЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ


Соңғы 5 жылдың ішінде қаламызда 544 шақырым су құбырлары жаңартылды, яғни қалаішілік су құбырлары 75 пайыз толық жаңартылып, толығымен таза жер асты ауыз суын тұтынып отырған бірден бір қала – Қызылорда қаласы.
Биылғы жылы осы жұмыстарды жалғастыру бағытында, қаладағы 10 шақырымнан астам су құбырлары жаңартылуда.
Өздеріңізге белгілі, қала халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы ең үлкен жетістігіміз, Қызылжарма жер асты су кені арқылы 118 су ұңғымалары іске қосылып, қала халқы толығымен таза, жер асты ауыз суын тұтынуға мүмкіндік алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: