Бүгін, 23 қарашада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды.
Ауданда салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Атап айтқанда, 18 пәтерлі тұрғын үй апатты жағдайда тұрған баспананың орнына салынды. Тұрғындар тәуелсіздік күнімен қатар қоныс тойын тойлайтын болады
Бұл нысан облыстық бюджеттен қаржыландырылып отыр. Қазір құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Бұған қоса, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 12 пәтерлі үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.