Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты №257 орта мектебінде «Қазақстанның мәңгілік мекені-Ұлы Дала елі» атты тарих пәнінің онкүндігі болып өтті. Бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігі мерекесі арналды.
Онкүндік аясында түрлі тақырыпта ашық сабақтар мәдени танымдық іс-шаралар «Ұлы Даланың жеті қыры» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. «Атамекен айшықтары» Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен теңгенің енгеніне 25 жыл толуына байланысты сайыс сабақ өткізілді.
«Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты конференция, IX-XI ғасырлардағы Қазақстан тақырыбында интеллектуалды ойын, «Монғол шапқыншылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Тарих онкүндігі тәуелсіздік мерекесімен ұласып «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында қорытынды кешімен жалғасып, белсене қатысқан оқушылар мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.