Қазақстан мен Қытай үкіметі арасындағы келісімнің негізінде Жаңақорған ауданына томат пастасын өндіретін зауыт салынбақ. Осы мақсатта Қытайда арнайы құрал-жабдық жеткізу мәселесі шешімін тапты.
Осы келісімнің негізінде 4 мың гектар жерде тамшылатып суару арқылы қызанақ өсіру жобасы жүзеге асатын болды. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.