Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫРДАРИЯДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІІМЕН КЕЗДЕСУ БОЛДЫ

СЫРДАРИЯДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІІМЕН КЕЗДЕСУ БОЛДЫ1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Сырдария аудандық Достық үйінде «Бірлік – бабалар өсиеті» тақырыбында әртүрлі этнос өкілдерімен кездесу болып өтті.
Шараны Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сырдария ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі эксперті Арайлым Қасымова жүргізді. Басқосуға Тереңөзек кент мәдениет үйінің директоры Динагүл Бекмұрат, қазақ тілінде ән айтатын әртүрлі этнос өкілдерінен құралған «Достық» вокалды ансамблінің мүшелері және өңірімізді мекен еткен татар, кәріс, орыс, армян, молдаван т.б этнос өкілдері қатысты. 
Кездесушілердің барлығыны пікірлері мен тілектері бір арнада тоғысты. Ол Отанға деген сүйіспеншілік пен отандастарға деген толассыз ақ тілектер. Шара соңында Тереңөзек кент мәдениет үйінің өнерпаздары кездесуге келген қонақтар қазақ ұлттық аспабы домбырамен патриоттық әндер орындады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: