Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Қару» жедел-профилактикалық шарасы жүргізілуде

«Қару» жедел-профилактикалық шарасы жүргізілудеОблыс аумағында 2015 жылдың  5-14 қазан және 19-28 қазан аралығында «Қару» жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде. Бұл шара «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына және ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, азаматтық және қызметтік қару иелеріне қару мен оның патрондарының сақталуына бақылау жасау мақсатында жүргізілуде. 
Жедел-профилактикалық шара барысында үй-жайлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу жағдайы, тиісті құжаттары мен сәйкестік сертификаттарының болу талаптары тексеріледі.  
Аталмыш «Қару» жедел профилактикалық іс-шара 2 кезеңде өтеді. І кезең  2015 жылдың қазан айының 5-14 күндері аралығын қамтиды және қызметтік қаруды пайдаланатын облыс әкімдіктеріне қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөліністерінің, аңшылық балық аулау шаруашылықтарының қауіпсіздік талаптары тексеріледі.
ІІ кезең 2015 жылдың қазан айының 19-28 күндері аралығын қамтиды және қызметтік және спорттық қаруды пайдаланатын банк инкассациялары, «Қазпочта» АҚ, спорт мектептері, қауымдастықтарды, клубтарды, федерацияларды тексереді.
Іс-шара барысында пайдалануға тыйым салынған ойық қарулардың бар-жоғы тексеріледі.
Сонымен қатар, анықталған заң бұзушылақтардың барлық фактілері бойынша қаруды ала отырып, заңнамаға сәйкес заң бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: