Бүгін аралдықтар Республткалық деңгейдегі II Арал өңірі балықшыларының слетін өткізуді бастап кетті.
Слет, ең алдымен, Аралды əлемге танытқан ірі тұлғалардың бірі де бірегейі болған Т.Медетбаевты еске алу шарасымен бастау алды.
Шара барысында аудан басшысы А.Мұхимов еңселі ердің өмір жолына тоқталып, ұлт перзенттерін ұлықтау қасиетті парыз екенін айтып өтті. Ал, аудан ардагері Ш.Дармағамбетов көк теңіздің тарланы Т.Медетбаевтың кезінде В.И.Лениннің жолдаған хатына 14вагон балықпен жауап берген ерлігі қашанда ел жадында сақталатындығын, сондай-ақ, осындай игіліктер жалғаса беруін қолдады. Арнайы шарада бюстке облыс жəне аудан əкімінің ықылас гүлі мен қонақтардың ықылас гүлі қойылды.