Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА КӨЛІК ЖОЛДАРЫ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

 

Биыл республикалық бюджеттен бөлінген 210 млн 469 мың теңге қаржыға «Бозкөл-Тасарық» жолының 22 шақырымы, 103 млн 963 мыңға «Қожабақы-Аранды» автомобиль жолының 12 шақырымына қайта жаңғырту жобасының құрылысы жалғастырылды. «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» бағытының 30-45 шақырымының орташа жөндеуін аяқтауға 186 млн 376 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. 
Әйтеке би кентінің 10 шақырымды құрайтын 6 көшесін және Қазалы қаласының 9 көшесінің 8,5 шақырымы бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінгі күнге аудандық маңыздағы жолдарды жөндеп, қайта жаңғыртуға 625 млн 447 мың теңге, автомобиль жолдарына жол қауіпсіздік белгілерін орнатуға 10 млн бөлінді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: