Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚОСШЫҢЫРАУДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АЗ ЕМЕС

ҚОСШЫҢЫРАУДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АЗ ЕМЕС Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен ауыл әкімі мен жергілікті полиция инспекторы Қосшыңырау ауылдық округінде ел алдында есеп берді.
Ауыл әкімі Бауыржан Арысбаев өткен жылғы жұмыстар барысын тілге тиек етті.  Егін саласы бойынша 988 гектар жерге егілген күріш дақылының әр гектарынан орташа 45,2 центнерден өнім алып, 4865 тонна астық жиналды. Мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары алдына үлкен мақсаттар қойып, қала және ауыл халқын қажетті сүтпен, қымызбен, шұбатпен, етпен қамтамасыз етуде. Өткен жылмен салыстырғанда мал басы 20 пайызға көбейді. Атап айтқанда, 2950 мүйізді ірі қара, 1703 жылқы, 1314 қой, ешкі , 270 құс, 524 түйе бар. 
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев былтыр облыс орталығында жұмыс барысына тоқталды, мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз жұмыс жасалды. Оған қоса, елді мекендерді газдандыру бойынша Талсуат ауылдық округін және үш әлеуметтік қамтамасыз ету нысандарын газбен жабдықтау жобасына жергілікті бюджеттен 271, 2 млн. теңге бөлінді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша барлығы 20 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп, Ақсуат, Талсуат және Қызылжарма ауылдарында жол жөндеу жұмыстары және Ақжарма, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Қызылөзек ауылдық округтерінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: