Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Qazaqgaz aimaq» филиалы тұтынушылардан 196 млн теңге заңсыз төлем алған

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда филиалының 2021–2023 жылдары тұтынушылардан заңсыз төлемдер алғанын анықтады.


Атап айтқанда, газға бастапқы қосылу, жабдықтарға қосу және есепке алу құрылғыларын пломбалау қызметтері үшін 30 мыңнан астам абоненттен шамамен 196 млн теңге негізсіз ақы алынған.
Аталған әрекеттер «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 26-бабының 2-тармағына қайшы келеді. Бұл заңбұзушылықты жою және тұтынушыларға қаражатты қайтару үшін департамент  Қызылорда облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментіне ұсыныс жолдады. Филиал ұйғарыммен келіспей, сотқа талап арыз түсіргенімен, сот шешімі бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің ұйғарымы заңды деп танылды.
Қазіргі таңда заңсыз алынған қаражатты тұтынушыларға қайтару бағытында нақты шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда филиалына 19,3 млн теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: