Таразда 58 жастағы қала тұрғынын ұрып-соғып, тонап кеткен жас жігіт ұсталды
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Тараз қаласының 10шағын ауданындағы бейнебақылау камерасы арқылы өрескел кісі тонау қылмысын жасаған 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін Тараз қаласындағы Аса шағынауданындағы үйдің кіреберісінде 58 жастағы тұрғынға жасалған қатыгез шабуыл бейнебақылау камерасына түсіп қалған болатын.
«Қатты мас болған жәбірленушінің дәрменсіз күйіне қарамастан, қаскүнем оны аяусыз ұрып-соғып, тонаған. Тонаушы ұялы телефон және 10 000 теңге сомасындағы ақшаны иемденген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.