Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ИРАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ИРАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫАуылшаруашылық саласына инвестиция салу, бірлескен кәсіпорын құру мәселесін талқылау мақсатында Иран Ислам Республикасының, Мазендеран провинциясының бизнес делегециясы Жаңақорған ауданына іссапармен келді. 
Екі жақты келіссөз агроөнеркәсіптік жобаларды бірлесе жүзеге асыруға бағытталған. Ауданымыздың аграрлық саласын дамыту бағытында жүргізілген келіссөз соңында аудан басшысы Ғалым Махмұтбайұлы Иран Ислам Республикасы Мазендеран провинциясы Мал өсіру ассоциациасының төрағасы Мусави Могаддам Ходжат Рахмет мырзамен екі меморандумға қол қойды. 
Оның бірі аудан аумағында қуаттылығы 10000 бас құс өндіретін 2 құс фабрикасын салу жобасы. Екіншісі, аудан аумағының 100 га жеріне Иран Ислам Республикасының элиталық «Таром» күріш дақылын егу. Екі тарап арасында жасалған келіссөз аудан экономикасын, аграрлық саласын, инфрақұрылымын дамытуға зор үлесін қосары сөссіз.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: