Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

​Қызылорда қаласында 27 жастағы қала тұрғыны он күннен бері хабарсыз кетті

Қызылорда қаласында 27 жастағы қала тұрғыны он күннен бері хабарсыз кетті.
Облыс орталығында тұратын Нұрпейісова Жансая Маханбетжанқызы 25 сәуірде үйінен үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған. 
«Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: Бойы 1,55 -1,60 см, арық денелі қара торы келген, шашы қара, бұйралау. Киімдері қоңыр түсті куртка, қара түсті шалбар, аяғында қара түсті туфли. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», -  деп жазылған Қызылорда қалалық Полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: