ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША 44,3 МЛРД. ТЕҢГЕ ТӨЛЕНГЕН
2016 жылдың 8 айында облыс бойынша зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша 278,9 мың адамға 44,3 млрд. теңге төленген.
Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Лиман Боранбаева баяндады.
Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сәйкес мүгедектердің бір өтініші негізінде композиттік қызметтің бірнеше түрінің автоматтандырылған жүйеде ұйымдастырылуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз еткен. Осының арқасында алғашқы рет мүгедектік анықталғандардың ішінде 774 мүгедекке композиттік мемлекеттік қызмет көрсетілген. Лиман Боранбаева, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:
-Ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап алғашқы рет мүгедектік анықталған азаматтарға композиттік мемлекеттік қызмет көрсетіліп келеді. Егер бұрын азаматтар мүгедектік алу үшін департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне, ал әлеуметтік төлемдерді алу үшін зейнетақы төлеу бөлімшелеріне баратын болса, енді мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайда, адам мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу үшін өз өтінішімен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне ғана жүгіне алады.