«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының бастамасымен «Жұмыспен қамту-2020 жол картасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Біріңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өткізілді.
Аталмыш акцияға «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов, Сырдария ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры міндетін атқарушы А.Баймбетова мен аудан әкімдігінің жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Е.Жақып қатысты.
Акция барысында 12 мекемеден келіп түскен 27 бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылып, 55 жұмыссыз азаматқа жолдама берілді, жеке және заңды тұлғаларға жұмыспен қамту, несие алу жолдары туралы мәселелер бойынша білікті көмек, тиісті кеңестер беріліп, заң аясында толық түсініктеме жұмыстары жүргізілді.