Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде жайдарман ойынына көңіл бөлінді

Шиеліде жайдарман ойынына көңіл бөліндіШиелі ауданында жайдаррман ойынын дамыту мақсатында биылғы жылға аудандық бюджеттен 1 млн 200 мың қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аталмыш қаржыға жыл басынан бері мектеп ішілік, аудандық, облыстық деңгейде ауқымды сайыстар ұйымдастырылып, аудандық жайдарман ойыншылары республикалық лига дейін барып, өнерлерін ортаға салып келді. Қазақстан КВН Одағы мен «Шиелі-Бірлік» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Шиелі ашық» лигасы финалдық сайысы өз мәресіне жетті. Өткізілген ойында аудан басшысы Қайратбек Сәрсенбаев тіледі. 28 команда бақтарын сынаған финалдық ойынның қорытындысы бойынша: ІІІ орын- «Нар Сити», ІІ орын- Жөлек ауылының «Үй жақтың балалары» командасы иеленсе, І орын «Бәйгеқұм» жастары жайдарман құрамасы еншісіне бұйырды. Жеңімпаз командаларға дипломдар мен бағалы сыйлық, кубоктар табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: