Астана қаласында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қызылорда қаласындағы маңызды нысан – шыны зауытының құрылысын аяқтау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өткізді.
Оған «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Әріпханов, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ардақ Теңгебаев және т.б. қатысты. Кеңейтілген жиын қорытындысы бойынша зауыт құрылысын ағымдағы жылы күзде аяқтау туралы нақты шаралар анықталды.