ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша ауа райының суытуына байланысты жауапкершілікті аймақта әр түрлі төтенше жағдайларға шақыруларға шықты.
2015 жылдың қаңтар айының 25-і күні 03 сағат 30 минутта Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінен Шымкент – Самара трассасының бойында Қызылорда қаласынан 15 шақырым жерде 2 микроавтобус бұзылып, 26 жолаушысымен қалып қойғандығы жөнінде хабар түсті. Жасақ құтқарушылары тез арада төтенше жағдай орнына шықты. Төтенше жағдай орнына жеткен құтқарушылар барлық жолаушыларды Қызылорда қаласына эвакуация жұмыстарын жүргізді.
Дәл осы күні таңғы 08 сағат 45 минутта Бірқазан елді мекенінің маңында микроавтобус бұзылып Ресей және Өзбекстан Республикасының азаматтары қалып қойғандығы жөнінде хабар түсті. Барлық жолаушыларды Қызылорда қаласының маңында орналасқан «Амангелді» шайханасына жеткізілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 27-і күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінен Қызылорда – Жалағаш жол бойында «Туберкулезге қарсы ауруханасының» маңында автобус жүргізушісі көмек сұрағаны жөнінде хабар түсті. Жасақ құтқарушылары төтенше жағдай орнына жетіп, анықтау барысында ауа райының суытуына байланысты дизель отыны қоюланып қалған және 12 жолаушысы бар екен. Барлық жолаушыларды Қызылорда қаласына эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмектің қажеті болмады.