Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Төсекке таңылған бүлдіршіндерді жүргізуге арналған құрылғыны ойлап тапты

Төсекке таңылған бүлдіршіндерді жүргізуге арналған құрылғыны ойлап таптыҚызылордалық Ержан Сырлыбайұлы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа құрылғы ойлап тапты. Оның басты мақсатты – тағдырдың жазуымен төсекке таңылып жатқан бүлдіршіндерді аяғынан тік тұрғызу.
Ержанның жасаған құрылғысы да өте қарапайым. Оған темір-терсек пен машина бөлшектерін пайдаланған. Бұл жобасы жөнінде бірқатар азаматтарға ұсыныс білдірген екен. Дегенмен, олар қолдау білдіре қоймапты. Өнертапқыш бала жасынан осындай түрлі жобаларды жасауға көңіл бөліп келеді. Алғашқы кезде робот құрастыруды армандаған. Одан кейінгі жылдарда аяққа киетін электронды құрылғыны жасап көрген. Ал мына құрылғы төсекке таңылған бөбектерге таптырмайтын құрылғы көрінеді. Арнайы тетік арқылы қозғалатын дүниені жасауға 25 мың теңге шамасында қаржы жұмсаған. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: