Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс төмендеді
Сыр өңірінде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны төмендеп келеді. Бұл жөнінде Қызылорда ОІІД ӘПБ ЮПб-нің бастығы, полиция полковнигі О.Асылбаев мәлім етті.
Облыс бойынша 2015 жылдың жеті айында кәмелетке толмағандармен жасалған 52 қылмыс тіркелсе, осы жылғы жеті айда олардың саны 48 қылмысты құрады. Осының нәтижесінде қылмыс жасау 7,7 пайызға төмендеген. Былтыр жазғы демалыс айларында 15 (маусымда-5, шілдеде 9, тамызда 1) қылмыс тіркелсе, биылғы жаз айларында 8 (маусымда-4, шілдеде-1, тамызда 3) қылмыс тіркелген.
"Бұл жұмыстардың барлығының нәтижелі болуына, нақты шаралар белгіленуіне және дүрыс басшылық жасалуына қатысты облыс әкімдігінің ықпалы, жетекшілік рөлі жоғары болғандығы. Дұрыс басшылық пен ұйымдастырылған жұмыстың арқасында 2015 жылғы соңғы қоңырау мен бітірушілер кештері кезінде де ешқандай құқықбұзушылыққа жол берілген жоқ" дейді О.Асылбаев.