Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сыр жастары "Домбыра-думан" өткізді

Сыр жастары "Домбыра-думан" өткіздіЕлімізде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау барысында Демократия институты тарапынан жүргізілген жалпыұлттық exit-poll корытындысын естіген Сыр елі жастары өз қуаныштарымен бөлісті.
Белсенді жастар автошеру ұйымдастырды. 40-тан астам көлік орталық алаңнан бастап, Тұңғыш Президент атындағы саябаққа дейін жүріп өтті. Сондай-ақ тарихи сәттің тағы бір қуанышы ретінде «Домбыра думан» өткізілді. Өнерлі өрендер түрлі әндер шырқап, домбыраның күмбірлеген дауысымен айналаны әсем әуенге бөледі. 
– Біз үшін үлкен қуаныш. Елбасымыз жеңіске жетті. Бұл бір-екі жылдың бедеріндегі жұмыс емес. Тәуелсіздікті тұғырландырудағы қажырлы еңбек. Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Сыр жастары бірлік пен татулықты қолдайды, - дейді Қорқыт ата атындағы ҚМУ жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Абылай Сабанбаев.
Облыс халқы уақытпен санаспай қала көшелерін мерекелік думанға айналдырды. Жалпы, Сыр жұртшылығы еліміз үшін салмағы зор науқанға бір кісідей атсалысып, өз таңдауларын жасады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: