Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Шиелі ауданындағы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіп иелерінің тәжірибесін ақпараттандыру мақсатында баспасөз туры ұйымдастырылды.
Облыстық және аймақтық БАҚ өкілдері бірнеше кәсіпкерлік нысандарында болып, олардың жұмысымен танысты. Екінші деңгейлі банк филиалдары мен несие ұйымдары арқылы жыл көлемінде аудандағы 161 кәсіпкерге 736 млн. теңге несие берілді. «Бекарыс» қызмет көрсету кешені, «Нұр-Ай» салтанат сарайы, спорт залы, «Гүл сезім» балабақшасы мемлекеттік қолдауға ие болған бизнес идеялар қатарынан саналады. Шағын және орта бизнеске көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда кәсіпкерліктің өзге де түрлері кеңінен өркен жаюда.