Өңірдегі 300-ге жуық кәсіпкерге мүлік салығынан жеңілдік берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов баяндады.
- Карантин кезінде қоғамдық тамақтану орны, қонақ үй және ірі сауда объектілері, ойын-сауық орталығы, театр, көрме залдары, спорт құрылыс жайларының объектілеріне салық төлеушілер «0»-дік коэффициент қолданады. Яғни аталған объектілер бойынша мүлік салығы есептелмейді.Сондай-ақ, салық салудың жалпыға белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жеке табыс салығының мөлшеріне де «0» түзету коэффициенті енгізілді, яғни 31-желтоқсанға дейін есептелетін жеке табыс салығының мөлшері "0" коэфициентімен есептеліп, аталған салық түрінен босатылады. Бұған қоса, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға 1-қазанға дейін жеңілдік берілді»,-деді Ғалымжан Қалдыкөзұлы.
Сонымен қатар, еңбек ақы төлеу қорынан ұсталатын төлемдерге де жеңілдіктер қарастырылған.
-Жұмыс беруші жұмыскеріне есептелетін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылды. Яғни микро, шағын, орта бизнес субьектілерінің аударуға тиіс жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдерін 1 қазанға дейін төлемейді.
Брифингте департамент басшысы арнаулы салық режимін қолданатын, яғни оңайлатылған салық декларациясымен патент бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер 3 жыл мерзімге салық төлеуден босатылғанын айтты. Бірақ салық есептілігінде тапқан табыстарын толық көрсетіп, тиісті құжаттарын мерзімінде өткізіп, есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сомаларын 0-дік көрсеткішке түзей алады.