Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының 2023 жылғы 13 ақпанындағы №02-15/16 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары лауазымына Ибраев Уәлихан Серікұлы тағайындалды.


Уәлихан Серікұлы 1981 жылдың 13 шілдесінде Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімді. 1998-2002 жылдары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алған.
Тарих ғылымдарының кандидаты (2009 ж.).
Еңбек жолын 2002 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Жалпы тарих» кафедрасында ассистент-оқытушы болып бастаған.
2003-2006 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ғылыми-зерттеу институтының күндізгі бөлімінің аспирантурасында оқыған;
2007-2014 жылдары «Жалпы тарих» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, «Тарих және қазақ филологиясы» факультеті деканының орынбасары, «Гуманитарлық-педагогикалық» мамандықтар бойынша сырттай оқу факультеті деканының орынбасары, «Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, «Тарих, құқық және экономика» институты директорының оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары;
2014-2015 жылдары аралығында «Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің ғылыми сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
2015-2020 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры;
2020-2021 жылдары «Сыр медиа» ЖШС Бас директорының орынбасары, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы» КММ директоры;
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдан бүгінге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы қызметінде еңбек еткен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: