Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Бақытты өзгелер үшін ізде...

Бақытты өзгелер үшін ізде...500 кісідей жиналған конференция залында семинар болып жатыр еді. Семинар жүргізуші қатысушыларға бір ойынмен бастауды жөн санады.
Бірнеше адамның қолына шар ұстатты. Өз аттарын жазғызып, шарларды бір бөлмеге жинады. Семинар жүргізуші оларға 5 минуттың ішінде бөлмеге кіріп, өз аттары жазылған шарды тауып алуларын тапсырды. Барлығы жүгіре кірісті. Абыр-сабыр болған адамдар өз аттарын таба алмай, бір-бірін итермелеп әрбір шарды ұстай бастады. Алайда ешкім өз шарларын уақытылы таба алмады. Семинар жүргізуші енді осы ойынды басқаша ойнатты. Өз аты жазылған шарды, қасында отырған адамға берулерін сұрады. Енді әркім сол шарды қайта тапсын деген кезде әп-сәтте таба қойды. Себебі оның аты жазылған шар, қасында тұрған адамда еді. Семинар жүргізуші ойынның нәтижесін былай қорытындылады: «Бақытты өзіңіз үшін іздесеңіз, ол сізден қашады, оны өзгелер үшін іздесеңіз, бақыт сізді өзі іздеп табады».

Қалмахан Ержан
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: