Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДАБүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Төреахмет Жолымбетов пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аманжол Алдажаров БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Брифинг барысында сала басшылары ауқымды саланың әрбір бағытына нақты тоқталып, алдағы атқарылатын міндеттермен бөлісті.
Облыс бойынша 69 мыңнан астам аз қамтылған отбасылары бар. Есепті кезеңге осы азаматтарға 1,5 млрд. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.
2016 жылы 1406 адамға 40,6 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек көрсетілді. 
«Жоба аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 293 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 188 адам тұрақты жұмысқа, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 97 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 2016 жылы бюджеттен тыс қаражат көздерінен демеушілер, мекемелер мен ұйымдардың қолдауымен облыс бойынша 16 мыңнан астам адамға тұрмысы төмен азаматтарға, мүгедектерге, көп балалы аналарға, жалғыз басты қарттарға 212,0 млн.теңгеге азық-түлікпен, отынмен және қаржылай түрде қайырымдылық көмектер жасалды" - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А. Алдажаров. 
Брифинг барысында Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Төреахмет Жолымбетов саладағы атқарылған жұмыстарды қысқаша қортындылады. 
Қазақстан Республикасының «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға, жәрдемақылар 7 пайызға көбейтілді. 
Т. Жолымбетов, Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы: 
- Елбасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста 2017 жылы зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлерінің көлемін 20 пайызға көтеру туралы тапсырмасын орындау көзделуде.
Осыған байланысты, зейнетақы төлемін алушылардың зейнетақыларының мөлшері 1 шілдеден бастап 11% - ға; Бала тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы 1 шілдеден бастап 20% - ға арттырылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: