Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралдың құрғаған табанына сексеуіл көшеті отырғызылды

Биыл Арал теңізінің құрғаған ұлтанында  мемлекеттік орман қорының 1000 га жеріне 1 млн 800 мың дана сексеуіл көшеті отырғызылды. 
Қазіргі уақытта Қызылорда облысының ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары облыс әкімдігімен  жасалынып, келісу үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Исатай Абдразахов мәлімдеді.
- Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жалпы аумағы 401,8 мың га жерге орман мелиорациялық жұмыстар жүргізу көзделген. Оның ішінде, 38,1 мың га көшетпен отырғызу, 363,7 мың га әуеден және жерден тұқымнан себу арқылы сексеуіл екпелерін жасау.  Осы жұмыстар жүргізілген жағдайда  барлығы 328,7 млн. дана ағаш көшеттерін өсіру жоспарлануда,-деді Исатай Абдразахов.
 Мамыр айында Инспекцияның ұйымдастыруымен  Республикалық селекциялық тұқым өсіру орталығы,  Қазақ орман шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының  мамандарынан құралған арнайы экспедиция жұмыс жасады. Қазіргі кезде облыстық жұмысшы тобымен тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: