Өзіне-өзі қол жұмсау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Суицидке баруға әсер ететін себептерді зерделеу барысында әлеуметтік желілердің көп ықпал ететіні анықталды.
Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.
Мониторинг көрсеткендей, жасөспірімдердің басым көпшілігі бос уақытында «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне көп назар аударады. Осы ретте Қызылорда қалалық прокуратурасымен «ВКонтакте» интернет-ресурсындағы жүргізілген мониторинг нәтижесінде жасөспірімдерді суицидке итермелейтін, оны насихаттайтын 13 қоғамдастық (сообщества) анықталып, онда қалада орналасқан 26 орта мектептің 47 оқушысы аталған парақшаларға жазылғандығы немесе жиі кіргендері белгілі болғанын атап өтті.
2016 жылдың 18 тамызында қалалық прокуратурамен облыстық байланыс және ақпараттандыру инспекциясына аталған қоғамдастықтарға шектеу қою туралы талапнама жолданды. Инспекция жауабына сәйкес, аталмыш сайттарға шектеу қойылды.