Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ақсай кен орны ашылды

Ақсай кен орны ашылдыБүгін, 12 желтоқсанда Ақсай кен орны салтанатты түрде пайдалануға берілді. Шараға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов,  «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директоры Медет Кәрім қатысты.
Ақсай мұнай-газ кеніші 1988 жылы анықталды. 2011 жылы кен орнын өңдеу құжаттары әзірленді. Осыдан кейін, қажетті құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда барлығы талапқа сай аяқталып отыр. Кен орнында мұнай және газ конденсатын шығару жұмыстарынан бөлек, 2015 жылдан бастап мұнда табиғи газды да өндірілмек. Нәтижесінде облыс тұрғындарын ұзақ мерзімге құрғақ тауар газымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Мұнай қорлары бойынша Ақсай кен орнының Ақшабұлақ пен Нұралы кен орындарына қарағанда едәуір кіші екенін атап өту керек. Бірақ Ақсай  газ кен орнына бай және оны игеру бойынша жобаны іске асыру жылына 550 млн. м3 деңгейінде компания бойынша газды өндіруді орнатуға және 2020 жылға дейін Қызылорда қаласын газбен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы, «Қазгермұнай» БК ЖШС біріккен кәсіпорын теңгерімінде мұнай және газдың бес кеніші ошағы бар. Олар: Орталық Ақшабұлақ, Оңтүстік Ақшабұлақ, Шығыс Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай.  
Компания жыл сайын кен орындарының инфрақұрылымына қолдау көрсету және оны дамыту үшін қомақты қаражаттарын инвестициялауда. Кен орындарында қолданылатын барлық өндіріс ошақтары мұнай саласындағы техниканың және технологияның заманауи үлгілерімен жарақтандырылып, бүгінгі таңдағы өндіру толығымен автоматтандырылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: