Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әйелін өлтіремін деп қорқытқан

Әйелін өлтіремін деп қорқытқанАрал аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 115-бабымен сотталушы Н.Т.-ның қылмыстық құқық бұзушылық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н.Т., өзімен бірге тұратын отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы әйелін азаматша М.К.-ны үйінің ауласында орналасқан сарай ішінде асхана пышағымен өлтіремін деп қорқытқан.
Сот отырысында сотталушының кінәсі, өзінің әрекетін мойындаған  жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденді.
Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27-бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына, келтірілген мүліктік залалды қалпына келтіруге қол жеткізіп «дауды реттеу туралы келісім» жасап сотқа ұсынған.
Осының негізінде сотталушы Н.Т. Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық ісі өндірістен қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енбеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: