Құқық бұзушы Р. базарда діни мазмұндағы 18 дана кітапты таратудағы әрекеті әшкереленіп, ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3)-тармақшасымен айыпталған.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот қаулысымен құқық бұзушы Р.-ға қызметін үш ай мерзімге тоқтатуға, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 99100 теңге айыппұл салынды.