Қызылордада құқық бұзушылық жасаған 248 азаматқа айыппұл салынды
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімімен салынған айыппұлдар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 248 азаматқа әкімшілік хаттама рәсімделіп, 2 миллион 268 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Төленбеген айыппұлдарды өндіру мақсатында полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар беріліп, бұл бағытта жұмыстар атқаруда.
«Құрметті қала тұрғындары, салынған айыппұлдарды 1 апта көлемінде 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болатындығын және айыппұлдарды уақытылы төлемеген жағдайда мәжбүрлі түрде өндірту негізінде жеке сот орындаушыларына жолданып, жеке есеп шоттары бұғатталатындығын ескертеді!», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.