29 шілде – 7 тамыз күндері аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Мемлекеттік кірістер және көліктік бақылау инспекциясы органдарымен бірлесіп, облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси көлік құралдарын анықтайтын болады.