Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СҮТТІҚҰДЫҚТА ЖАҢА АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

СҮТТІҚҰДЫҚТА ЖАҢА АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІЖаңақорған ауданындағы Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі Мақсат Абдуллаев   тұрғындар алдындағы есебін ауылдағы шағын бизнестің өріс алуынан бастады.  Мәселен, ауылдық округте 22 шаруа қожалығы тіркелсе, соның 12-і мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламасына қатысып мал шаруашылығын дамытып отыр.
Сондай-ақ,  ауылдың 3 тұрғыны «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бойынша мемлекеттен жеңілдетілген несие алып мүйізді ірі қара, жылқы өсіре бастады, 1 кәсіпкер  сұлулық салонын ашу мақсатында 500 мың теңгенің грантын жеңіп алып, кәсібін жүргізіп келеді.
Сонымен қатар өткен жылы құрылысы басталған амбулатория жуырда пайдалануға берілді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: