Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Волейболшылар жарыстардан жүлделі оралды

Волейболшылар жарыстардан жүлделі оралдыҮстіміздегі жылдың 3-10 қараша аралығында Түркістан қаласында волейболдан 1997-1998, 1999-2000 және 2001-2002  жылдары өмірге келген жасөспірім ұлдар арасында Қазақстанның  күзгі чемпионаты аяқталды. 
1999-2000 жылдары туылған ұлдар арасындағы ойынға 13 команда қатысып, 4 топқа бөлініп өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде біздің команда күміс жүлдеге ие болды. Бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, үшінші орынды Астана қаласы, төртінші орынды Ақтөбе облысының  командалары еншіледі. Айта кетейік, Өскеменде өткен ҚР қысқы  чемпионатында 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қызылорда облысының құрама командасы жеңімпаз болса, Түркістандағы көктемгі чемпионатында күміс жүлдені иеленген болатын. Ал Астана қаласында өткізілген ҚР жазғы чемпионатында 1999-2000, 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында командамыз екінші орынға ие болды. 
Команданы жарысқа Болат Рысмахан, Батыр Бабаев, Жандос Темірғалиев  және Өтеп Әбдірамановтар дайындады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: