Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық келіншек жалға алған пәтерін сатып жібермек болған

Қызылордалық келіншек жалға алған пәтерін сатып жібермек болған«Келіншек жақында танысқан ер адамға қаланың қақ ортасында тұрған үш бөлмелі пәтерді арзан бағаға сатуды ұсынған. Ол адам алаяқ әйелдің қармағына ілініп, пәтер үшін оның жарты бағасын да төлеп қойған – бір миллионнан аса қаржыны қолына ұстатып жіберген.
Шартты толықтай бірнеше аптадан соң аяқтауға келісіпті. Себебі пәтер, оны сатпақ болған әйелдің өзінің емес, әпкесінің меншігінде, ал әпкесі басқа қалада ауруханада жатыр-мыс», — деп әңгімеледі Қызылорда ҚІІБ баспасөз хатшысы Қалдыбек Абдуллаев.
Пәтердің жарты құнын төлеп қойған ер адам жаңа баспанасына көшіп кіріп, таныс келіншектің әпкесін күтіп жатқан. «Аңыз» бойынша, ол Алматыда ауыр дерттен ем қабылдап, жақында ауруханадан жазылып шығуы керек болатын.
Алайда, біраз уақыттан соң ер адамның үйіне танысы емес, баспананың нағыз қожайыны келіп, пәтерді сатып жібермек болған келіншек бұл үйді жақында ғана өзінен жалға алғанын түсіндіреді.
Ер адам полицияға жүгініп, алаяқ әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: