Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік бағдарлама игілігі 


Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде мемлекет қолдауы арқасында кәсібін дөңгелеткен кәсіпкер аз емес. Біз соның бірі – «Ғани» ЖК шаруашылығы.
Ғани Бәйімбетов мал шаруашылығымен айналысады. Жем-шөптің қымбаттауы болмаса кәсіпкер ауыр жұмыстан тартынып тұрған жоқ. Өткен жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 4 млн теңге несиеге қол жеткізіп, оған 24 бас жылқы, 9 ірі қара мал алған.
– Менің негізгі бағытым – бордақылау. Семіз малға сұраныс артатыны өздігінен белгілі. Қазір халықты етпен қамтамасыз етуге бет бұрдым. Мұның пайдасы қыруар болмағанмен отбасы бюджетіне кіріс әкеледі, – дейді ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: